Автор адамдар жас кезінде жүрегін тыңдап жүрген дейді. Жас кезінде адам әлі көп көрмеген, тағдыры дайындап қойған сынақтан өтпеген, ойына ақыл кірмеген. Жалпы айтқанда көзімен көргеннің, құлағымен естігеннің бәріне сене берген. Ал осының нәтижесінде оны көзі де, құлағы да, тіпті жүрегі сатып кетті. Ержеткен соң, ақыл кіріп, күш енгенде енді болғанның қайталауыннан қорықып, адамдар былай тұрсын, өзіне де сенбей қалады.
Менің ойымша, адам мейлі жас болса да, ержеткен болса да ешкімге сенбеуі керек. Қазіргі кезде адамдарға сену тіпті қауіпті болып кетеді. Ия, кейбір кезде өз көзіңмен көргеніне, өз құлағыңмен естігеніне де сенбеуге мәжбүр боласың. Бірақ жүрек ешқашан алдамайды ғой!? Егер де жүректі тыңдай білсең дұрыс жолда қаласың деп ойлаймын. Сонда кімге сенуге болады? Жүрек ме? Адамдарға ма? Дегенмен бұл жерде адам не таңдаса өзі біледі.
Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі.