М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
crazzylolipoop
crazzylolipoop
09.05.2023 19:55 •  Қазақ тiлi

Сказка про колопка на казахском язык напишите это учительница убьёт меня

👇
Ответ:
sergogocer
sergogocer
09.05.2023
Ертеде бір Шал мен Кемпір
болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ
пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір
кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан
еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі
домалай береді, домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:

— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

Содан Бауырсақ қара жолмен
домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.

Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға
айтып беріп, одан әрі домалай береді.

Бір кезде Аю жолығады:

— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

— Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама,
ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.

— Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!

Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек
көзімен шығарып салады.

Бауырсақ домалағаннан домалап
келе жатса оған Түлкі жолығады:

— Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? — дейді ол.

— Жолмен домалап барамын.

— Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!…

— Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа
иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай
кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға,
ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

Түлкі оған:

— Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным.
Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, —
дейді.

Бауырсақ
Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі
ұстап алады.

Түлкі келіседі.
Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі
көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет
салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында
өзінің әнін айтып отырады.
4,6(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
victoriya0205
victoriya0205
09.05.2023
Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып,біресе жер бауырлап сүйретіледі,біресе тұра сала бүкшеңдеп жүгіреді.Нұрғали бірде Тәукеге қарап кіжінеді,бірде Аманға қарап мүләйімсейді.Кейде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді,кейде салқын тартып алыстап кетеді.Біресе мен түк түсінбеймін,біресе осылар түк түсінбейді.Нәзік бұтақтарына тізбектеле өскен жас жапырақтар бірде бір әсем музыканың ырғағында қатарласа билеп жүрген балалардай көрінеді,бірде сол жапырақтың сылдырынан әлдеқандай естімеген сыр сыбдыры құлаққа келеді.Біресе мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек,біресе барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қоюым керек екен ғой.
4,7(85 оценок)
Ответ:
123456789er
123456789er
09.05.2023

Менің болашақ мамандығым.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.  

Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.  

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.  

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.  

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.  

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

4,7(9 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ