Науқас пен дәрігер арасында жағдаят ойластырып, төмендегі мақал-мәтелдерді қатыстырып, сұхбат құрастырыңдар. 1.Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ. 2.Тер шықпаған кісіден дерт шықпайды.
3.Денсаулық – зор байлық. 4.Жан ауырса, тән азады, қайғы басса, жан азады. 5.Әуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық – ақ жаулық. 6.Бас аманда – мал тәтті, бас ауырса – жан тәтті. 7.Ауруын жасырғанның жарасы асқынады.
*Қыран қанат қас қабағы түйілген,
*Жеңіл ғана шидем шапан киінген,
*Келе жатыр қол басында бір жігіт
*Қаршығадай тас қомданып шүйілген.
1.Жанр түрі: өлең. өлең дегеніміз - белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
2. Шумақ дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Бұл өлең төрт шумақтан тұрады.
3. Тармақ. дегеніміз - өлеңнің әр жолы 16 тармақ
4. Бунақ дегеніміз белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. .
5. Буын саны – дауысты дыбыстың санына байланысты. Өлең 11 – буынды.
6. Ұйқас түрі: ұйқас дегеніміз - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен ерекше сөз беріп тұратын әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігі айтылады. өлең қара өлең ұйқасына құрылған.(а - а - б - а)
7. Әдеби теориялық ұғымдар. а) Теңеулер: қыран, қаршыға