М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ксения1361
ксения1361
22.04.2022 05:55 •  Қазақ тiлi

Атам мені құлыным дейді, Әжем мені боташым дейді.
Әкем мені шырағым дейді,
Шешем мені қозым дейді,
Айналайын жаным! дейді.
Ал,шынында,мен кіммін?

Өлеңдегі сұраққа жауап беру үшін өз өмір баяныңды айтып бер.

Мысал айтып жіберіңіздерші.​

👇
Ответ:
Chekchik
Chekchik
22.04.2022

мен ата-әжемен тұрамын.өмірім қызық өтеді.атам меня құлынып деп еркелетеді.әжеме дастархан жаюға көмектесемін,әжем сол үшін мені боташым дейді.Әкеме отын тасуға қөмек беремін,әке шырағым дейді.шешем меня қозым деп еркелетіп бетімнен сүйеді.отбасы айналайн жаным дейді.ал мен үйдін кенжесімін деді бала!

4,8(6 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Karinarikfeeet
Karinarikfeeet
22.04.2022
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
4,6(40 оценок)
Ответ:
mangle56
mangle56
22.04.2022
 Оның ішінде, Қазақ теледидары жастар бағдарламасының 40 жылдық мұрасын саралап, маңызын көрсету, тәжірибесін тарату қаралады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді белгіленді:
-    жастар телехабарларының қалыптасуы мен дамуындағы проблемаларды ашып, Кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау, жастар редакциясы ұйымдастырған хабарлардың пәрменділігін, насихаттық ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету;
-    әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік сапасын талдау;
-    хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың түрлеріне талдау жасап, тарихи тағылымы жайында ой қорыту;
-    хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағартушылық, танымдық, моральдық, проблемалық, итернационалдық-патриоттық, эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты көрсету;
-    тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, Қазақ теледидарындағы орнын анықтау;
-    жастар бағдарламасы тарихындағы көтерілген мәселелердің өміршеңдігін, бүгін де маңызын жоймағандығын дәлелдеу, қазіргі таңдағы жастар бағдарламасының хабарлары дамуының басты бағыттарын айқындау. 
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің көзі ретінде Қазақ теледидары ме радиосы республикалық корпорациясы мұрағатының мәліметтері, коммунистік партияның теледидар мен жастар жөніндегі қаулылары, жұмыс тақырыбына байланысты шыққан мерзімді басылымдар мақалалары,  Қазақ теледидарында жұмыс істеген журналистер Қ.Игісінов, Н.Иманғалиұлы, Ф.Бегенбаева, Ә.Ысқақова және тағы басқалардың естеліктері пайдаланылды. 
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ теледидары жастар бағдарламасы туралы арнайы зерттелген бұл жұмыста жастарға арналған хабарлардың тақырыбы мен идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз етіліп, Жастар редакциясының шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және тілі (А.Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты деректермен дәлелденді. Жазылған еңбекте жастар бағдарламасының пайда болуы мен дамуындағы проблемалар ашылып, жаңа телехабар пішіндерінің пайда болғандығы айқындалды. 
4,5(81 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ