Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Ұзақ сапарға шығатын адам қой сойып, жақын туған-туысын шақырып, үлкендерден бата алады. Халқымыз мұны «Жолаяқ жасау» дейді. Жолаяқ жасау күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Тойда, мейрамда аналар мен әжелер шашу шашады. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттағанда шашу шашу – қалыптасқан дәстүр.
Сонымен қатар тағы бір дәстүр - бесік той. Бесік тойда туған-туыс жиналып, нәрестені бесікке салады.
Міне, қазақ халқының осындай мән-маңызы жоғары салт-дәстүрлері өте көп. Бұл дәстүрлер қанша заман өтсе де өз маңызын жоймады. Оның өзі халқымыздың дәстүрге беріктігін көрсетеді. Сондықтан, біз, келешек қазақ жастары, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ата-салтымызды ұмытпай, оны келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Себебі, ел дамуының негізі ата-салтымызды құрметтеуден басталады.