Ер туған жеріне, ит тойған жеріне Человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
Гүл өз жерiнде ғана – гүл, адам өз отанында ғана - адам Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек
Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.
Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады. На своей родине каждое дерево улыбается
Тамырсыз жусан да өспейді Без корня и полынь не растёт
1.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол!
Перевод:
В родной долине
Лучше прахом быть
Чем на чужбине
Падишахом быть.
2.Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне.
Перевод:
Тянет пса туда,где он кормился,
Молодца туда, где он родился.
3. Әкесі өлгенді де естіртеді.
Перевод:
Что погиб отец,и эту весть
Сыну кто-то вынужден принесть.
4. Шабан үйрек бұрын ұшады.
Перевод:
Утка,что хромая
Позади идёт,
Ранее,чем стая,
Пустится в полёт
5.Мал да иесіне ұқсайды.
Перевод:
Порою походит скот
На тех,кто его пасёт.
6.Шын жыласа,соқыр көзден де жас шығады.
Перевод:
Хоть и не зрячи у тебя глаза,
Плачь от души,и потечёт слеза.
7.Өгізге туған күн баспаққа да туады.
Перевод:
Участь,что волу дана,
И телёнку суждена.
8. Кәрі келсе-асқа
Жас келе-іске.
Перевод:
Седой пришёл-так пусть садится и ест.
А молодой пришёл-работа есть.
9.Таудай талап бергенше,
Бармақтай бақ берсін.
Перевод:
Чем желанье с гору,пусть нам бог
Счастье даст,хотя бы с ноготок.
10. Сасқан үйрек артымен сүңгиді.
Перевод:
В тот миг,когда опасность рядом
И утка в пруд ныряет задом.
11. Қайтқан малда қайыр бар.
Перевод:
Почитай,что твой доход-
Найденный после пропажи скот.
12. Тәуекел түбі-желқайық
Өтесің де кетесің.
Перевод:
К кому благоволит властитель,тот
И по суху на лодке проплывёт.
13. Бергенге бесеу де көп
Алғанға алтау да аз.
Перевод:
Пять -много кажется дающему.
Шесть- мало кажется берущему.
14. Алтын көрсе,періште жолдан таяды.
Перевод:
При виде злата и пророк
Собьётся с праведных дорог.
15. Есек жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді.
Перевод:
Оттого что вьюк не столь тяжёл
Стал ещё ленивее осёл.
16.Торғайдан қорыққан егін екпес.
Перевод:
Кто воробьёв боится
Тот не взрастит пшеницы.
17. Ұяда не көрсең,ұшқанда соны аласың.
Перевод:
Чем кормили птенца в родном гнезде,
То и ловит птенец потом везде.
Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]
Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.