Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?
Бүгінгі ата-ананың рөлі, расымен-ақ тым төмен түсіп барады. Қолдағы алтынның қадірі жоқ деген. Ата-анасы балам қатарынан қалмасын, қиналмасын, еңсесі тік жүрсын, ауырмай-сырқамай аман жүрсін деп бала жағдайының барлығын жасауға тырысады. Ағаш секілді жемісін де, жапырағын да, бұтағын да, жанын да, тәнін де береді. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген даналық бар қазақта. Бар айтпақ ойымыз осы сөздердің астарында тұр.
Ал бұл жақсылықтары үшін әке-шеше баладан еш ақы сұрап жатқан жоқ. Ата-ана қадірін оның ең басты бір ғана әрекетінен-ақ түсініп, сыйлауға болады ғой. Олар саған басқа ешкім бере алмаған нәрсені берді. Саған өмір берді. Ол өмірді саған дос та, махаббат та, ұстаз да, ғұлама да бере алмас еді. Алғаш басқан қаз-қадамымыз, былдырлап шыққан алғашқы бала тіліміз, қолыңа шоқ гүл алып, мектепке барған сәтіміз, алтын ұядан түлеп ұшқан кезіміз, осы сияқты әр алуан өмір тынысында ата-анамыз қашанда жанымызда. Олардың орнын басар адам жоқ және болуы да мүмкін емес.
Өмір – сын. А болған соң қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелер күндер болады. Осындайда жаныңнан ана мен әкеден басқа табылар жан кемде-кем.
- Сәлеметсіз бе, апа! Сіз қандай кітап алғалы тұрсыз?
- Аманбысың, балам. Қасым Қайсеновтың таңдаулы шығармалары берілген кітапты алып, оқымақпын.
- Неге Қасым Қайсеновты оқығыңыз келді?
- Себебі, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармаларында Ұлы Отан соғысы туралы жазылған. Күні кеше тойлаған Жеңіс мерекесі қарсаңында Қ.Қайсеновтың туындыларымен танысқым келді.
- Ендеше, бұл кітапты оқыған кезде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі арта түсетін шығар. Солай ма, апа?
- Дұрыс айтасың, балам. Ал сен кітап дүкеніне қандай кітап алуға келіп едің?
- Мен кітап оқығым келіп, дүкенге келген едім. Енді қандай кітап аларымды білмей тұрмын. Сіз маған кеңес берсеңіз жақсы болар еді.
- Жарайсың, балам. Кітап оқысаң, тіл байлығың көбейіп, көп нәрсені үйренесің. Мен саған М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын оқуға кеңес берер едім. Ол кітапты оқитын болсаң, қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірімен, шығармашылығымен толықтай таныс боласың. Мен бұрын сол кітапты оқып, ерекше әсер алдым.
- Кеңесіңіз үшін рахмет, апа.
- Оқасы жоқ, балам. Кітап дүкеніне жиі келіп, кітап оқып жүруді ұмытпа. Кітаптың саған берер пайдасы көп.
- Жарайды, апа. Сізге үлкен рахмет. Сау болыңыз!
- Сау бол, балам.