М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Mишутка9887
Mишутка9887
21.03.2023 19:22 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мұнай (парсы тілінен аударғанда «жанатын» деген мағынаны білдіреді) —
жанғыш, майлы, өзіне тән иісі бар, сұйық зат.
Жер астынан өндірілген мұнай сол қалпында қолданылмайды. Алдымен оны
тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады. Мұнайдан алы-
натын ең сапалы өнім — жанармай. Мұнайдан жанар-жағармай, сұйытылған
газ, реактивті отын, мазут, солярка, керосин алынады.
Сондай-ақ мұнайдан кремдер мен түрлі жақпамайлардың негізі жасалады.
Мұнайдың қо синтетикалық резеңке, көксағыз (каучук), синтетикалық
мен пластмасса, кіржуғыш ұнтақ, бояу, косметика, тыңайтқыш,
типографиялық бояу, автокөлік доңғалақтары сияқты күнделікті тұрмысқа аса
қажет өнімдер жасалады. Осы кезеңде мұнай құрамынан жүзден аса керекті
зат алынып отыр.
1. «Мұнай» деген — не?
2. Мұнайды қалай қолданады?
3. Ең сапалы мұнай өнімі — не?
4. Мұнайдан қандай күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар дайындала-
ды?

👇
Ответ:
tratatya
tratatya
21.03.2023

1)"Мұнай"-жанғыш, майлы, өзіне тән иісі бар, сұйық зат.

2)Алдымен оны тазартып, өңдейді. Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады.

3)Ең сапалы мұнай өнімі - жанармай.

4) Мұнайдың қо синтетикалық резеңке, көксағыз (каучук), синтетикалық мата мен пластмасса, кіржуғыш ұнтақ, бояу, косметика, тыңайтқыш, типографиялық бояу, автокөлік доңғалақтары сияқты күнделікті тұрмысқа аса қажет өнімдер жасалады

4,6(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
BunraccoonXD
BunraccoonXD
21.03.2023
Алматыны көрген де арманда, көрмеген де арманда! Талайды тәнті етіп, жүректерден ерекше орын алған сұлу шаһарымыздың 1000 жылдық мерейтойына орай бүгін ұлан асыр той жасалып жатыр. Иә… сонымен, Алматы ша­һары 1000 жылдық мерейтойын атап өтуге дайын. Бірақ ол айтулы мереке үстіміздегі жылдың қай айында, қай күні болары әзірге беймәлім. Қалалық мәдениет басқармасының бас маманы Данияр Әлиевтің мә­ліметіне қарағанда, Алматы әкімдігінің атынан ЮНЕСКО-ның бас штабына жазылған арнайы қарар бар. «Алматыға – 1000 жыл!» деген ұлы дүбірге қатысты мәселе оң шешіліп қалар деген үміт те жоқ емес. Демек…

Осыған орай Алматы аспанға отшашу атылар күнді лайықты қарсы алуға тас түйін әзір екенін білдіріп те қойды. Күні кеше қаланың 1000 жылдығына орайластырып жарияланған бір айлық байқаудың жеңімпазы анық­талды. Шаһардың он ға­сырлық мерекесін айшық­тай­тын лайықты логотип авторы алматылық су­рет­ші Елена Май­данова 1 мил­лион теңге сый­ақыны жеңіп алды. Алда­ғы күндері қала кө­шелері мен алаң­дарынан ойып тұрып орын алатын кескіндеме сурет ұзын-саны 123 жобаның ішін­дегі ең үздігі деп танылды. Сарап­шылар бұл суретке көне түркі заманындағы руни­калық белгілері үшін ба­сым­дық бергенін жасырмайды. Алматы апортының ғажайып кескіндемесі өзге белгі­лермен жарасымды үйлескен деген тұжырым жасалғаны да баршаға жария етілді.
4,7(99 оценок)
Ответ:
diana20102007
diana20102007
21.03.2023

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады. Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км қашықтықта орналасқан.

Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді. Әлемнің кеңдігі сондай, Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1. Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2. Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3. Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ , олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды: 1.Меркурий (Кіші Шолпан);

2. Шолпан;

3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз);

5. Юпитер (Есекқырған);

6. Сатурн;

7. Уран;

8. Нептун. Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

4,7(62 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ