Қарағай, самырсын, балқарағай, арша
Қарағай – қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек.
Маңызы: Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.
Самырсын — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіздеңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны және Ақ қарағай бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей.
Маңызы: Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.
Балқарағай - қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі — Сібір Балқарағайы бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің диаметрі 175 см-ге жетеді. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйекте жемісі бүрімен қатар піседі.
Маңызы: Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.
Арша - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы.
Тұқымдас тармағының уәкілдері Солтүстік жарты шарда Арктикадан субтропиктік таулы аймақтарға дейін кең таралған. Тау беткейінде де құмды жерлерде де жақсы өседі.
Маңызы: Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Көгалдандыруда аршаның тек шет елден әкелініп, жерсіндірілген түрлері ғана қолданылады. Қылқандарының түсі, түріне қарай: сары, ашық жасыл, қою жасыл, көк, көкшіл болып келеді. Сабақ бойына тығыз орналасқан қылқандары әдемі хош иіс шығарады.
Мал дәрігерлігі практикасында арша жемісі несеп айдайтын, асқазан – ішек жұмысын жақсартатын және өңеш бездерінің қызметін арттыратын дәрі ретінде қолданылады. Арша жемісі малдың асқазанына түскеннен кейін оның құрамындағы эфир майлары асқазан – ішектің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, олардың жиырылып – созылуын үдетеді, ішектегі зиянды газдардың тез шығуына ықпал етеді. Организмнен эфир майлары бүйрек және өңеш бездері арқылы шығады. Осы эфирмайлары бүйрек пен өңеш бездерінен қатты әсер етіп, олардың жұмысын жақсартады. Халық емінде арша жемісі ежелден – ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келген.
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
Сүңгініңжарасыбітер,
Тілжарасы бітпес.
Басқа пәле тілден.
Тіл — тиексіз.
Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
Піл көтермегенді
Тіл көтереді.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.
Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.
Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.
Өтірікшінің шын сөзі зая.
Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді.
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.
ІІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.
Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.
Шал,
Шалдың сөзі — бал.
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
Сөз шындықты табар.
Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.
Жақсы сөз — жарым ырыс.
Жаным десе — жан семіреді.
Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!
Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.
Сөз жүйесін тапса —
Малиесінтабар.
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.
Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.
Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.
Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.
Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.
Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Көз көргенше,
Ауыз батыр, сөйлеп қал.
Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер
Сөз — бейнет болар,
Боз — көйлек болар.
Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.
Көптің аузы — зеңбірек.
Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.
Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.