Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Жүрeгімнің түбінe тeрeң бойлa,
Мeн бір жұмбaқ aдaммын, мұны дa ойлa.
Соқтықпaлы соқпaқсыз жeрдe өстім,
Мыңмeн жaлғыз aлстым, кінә қоймa.
дeсeк сірә, қaтeлeсeтін шығaрмыз. Өйткeні оның өлeңдeрін әр оқығaн сaйын, жaңa әсeр мeн ойлaр қaптaйды дaeріксіз тeбірeнeсің, толқисың. Aқын жүрeгін тeрбeгeн сeзімдeр, aрaғa ғaсырлaр сaлып сaғaн орaлғaндaй күй кeшeсің.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.
Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде, өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
Абай әлемі, оның өлеңдері мен қара сөздері бір халық қана, яғни қазақтың рухани жан дүниесінің сәулесі болған жоқ. Ол әлемдік деңгейде талданып, үлкен сұранысқа ие болған шығармалар жиынтығы. Себебі Абай әлемі кешегі парсы, араб, кейінгі орыс мәдениетімен ұштасып жатыр. Оған дананың өзі алған білімдері мен айтқан сөздері куә.
Аталған жұмыстың тақырыбын Абайдың қара сөздеріне қарата отырып алуымызға бірден-бір себеп, оның қара сөздері қайта-қайта оқуды талап етеді. Себебі философиялық мәнге ие, жанрлық жағынан күрделі, стилдік ерекшелігі қалыптасқан. М.Әуезовтың «Абай жолын» қанша рет оқысаңыз, сонша рет түрлі ойға қаласыз. Себебі шығарманың ерекшелігі сондай деңгейде жазылған. Ал аталған шығарманың бас кейіпкері атанып отырған дана Абайдың өз сөздері, қара сөздері мың ойланып, толғануға жеткізбейді деп айта аласыз ба?!
Абай адамдарды осы дүниеде игілікті еңбек етіп, өнер-ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рақат көруге насихаттайды. Халықты өнер-ғылым жолы-на жұмылдырады: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз” дейді. Дүние бір алып құрылыс, оған әрбір адам өз үлесін қосу керек деп тұжырамдайды: “Әсемпаз болма әр неге, өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!” дейді. Абай ақыл- парасатты дәріптеп, ғылым мен ағарту идеяларын насихаттады. Абайдың философиялық ой-пікірінің әлеуметтік маңызы мен алға басарлық мәні, міне, осыда.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/46313/
Объяснение: