Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыру.
Өнер адамдары "сахнаның киесі мен құдіреті бар" деп айтып жатады.
Бұл жәдігер ежелгі қала орнынан табылған.
Білім - ешқашан таусылмас байлық деп білемін.
Көріпкел болу үшін адам бойында ерекше туа біткен қасиет болу керек деп ойлаймын.
Ежелде ата - бабаларымыз сәуегейге сенген болатын.
Әжеміздің 80 жас мерейтойын әлі де тойлап, аяулы әжемізді салтанатқа бөлеп жатырмыз.
Лоторея билетінен ұтыс шығып, Серік ойламаған жерден байлыққа белшесінен батты.
Біз шамалы дамылдап, жүрек жалғап алдық.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.