4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақтар қойып, диалог құрыңдар.
Мен демалыста тауға шықтым. Тастардың арасымен өрлеп, тау
биігіне көтерілгенде, үңгірге кездестім. Үңгірдің аузы тар, биік-
тігі 2 метрден асады. 1-1,5 метр тар ауыздан өткен соң, әрі қа-
рай кеңейе берді. Іші қап-қараңғы. Үшкір, тайғақ тастар өте көп.
Тайғақ тастардан ақырын өтіп, шағын көлге тап болдым. Көлдің
ені шамамен 15 метр, ұзындығы 20 метрдей. Көлдің суы сұп-суық
екен...
нужно задать вопросы к каждому предложению
Менің атым Толғанай. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өзімнің оқу құралдарымды таза ұстаймын. Әр оқушы өзінің оқу құралдарын таза ұстауға міндетті. Кітапты жыртпай ұқыпты ұстауымыз керек. Себебі кітаптың біз үшін берері көп. Біз сол кітаптан оқуды, жазуды үйреніп білімді боламыз. Сондықтан мен күнделікті сабағыма дайындалып жүремін. Сыныптағы озат оқушылардың бірімін. Менің әжем күнде сабақтан бестік баға алуымды тілейді. Мен әжемнің сөзін тыңдап, тілегін орындап күнде бестік баға алып келемін.