Сөздік және ғаламтор көмегімен берілген сөздердің мағынасын ашу, оны топ ішінде талқылау. Басқа топ мүшелерін лексикалық минимуммен таныстыру. Олармен сөйлем құрастыру. І топ ІІ топ ІІІ топ
Әмірші Сарай Керуенбасы
Саудагер шаһар Базар
Сөрелер Құмыра Зергер
Ұста Тауар жиһаз
келісім мәдениет өркендеу
Мәтінмен жұмыс.
Көше толы ығы-жығы халық екен, біреуді-біреу аңғарып аңтарылар емес. Әредік сартылдап шауып өткен қол, жүзім толы құмыраны бұратыла көтерген келіншек, үстіне бояу жұққан зергер, ошаққа салып алғандай күйелеш ұсталар, әулекі жүріс қуған бозбала, дүркірей жүгіріп өткен балалар, ақ езу болып көпіріп аузы ауырған делдал, күллісі артына қарамай безіп бара жатқан бейқарар өмірдің қайталанбас өрнектері еді. Шаһар тынысы тасыған кездегі телегей Інжудің шуашы секілді. Кідірмей жіті жүріп отырып Қан Базарға жетті. Қан Базар шаһардың терістік-батыс бетіне орналасқан. Айналасы ат шаптырым дөңгелек алаң, шетін далдалап өрік ағашы тігілген, ағаш көлеңкесіне қыш сөре қаланған, төрінде биік әуіз бар, етегінде мал базары — табаны ақ жем болған саудагерлер самбырлап қол алысып, құнжыңдасып жатыр.
Қыш сөрелердің үсті қызылды-жасылды жайма, жаймаға қисапсыз жиһаз қойылған. Бұлар жұрттың арасынан әзер сығылысып өтіп келеді. Бұлар жұрттың арасынан әзер сығылысып өтіп келеді. Қыш сөрелердің үсті қызылды-жасылды жайма, жаймаға қисапсыз жиһаз қойылған. Бұлар жұрттың арасынан әзер сығылысып өтіп келеді.
Қан Базардан Хисамеддин ақынды іздестірген.
Хисамеддин Салтанат сарайынан шыққан хазарлықтар мен киевтіктерге ілесіп жиһанкездердің қонақжай мекені Алтын сарайға жеткен. Керуен шеткі әуліге жайғасыпты. Кірекештер түйелерді отқа жіберіп, енді тырайып-тырайып тынығып жатыр екен. Керуенбасы Қызыл шал ортаға нарлап жиналған үш алапыш теңді ашуға әмір етті. Нешеме күнгі сүркіл бейнеттен мәңгүрт болған құлдар тапырлап жұмысқа кірісті. Алапыш теңнің бауыры сөгілді, ішінен сарыала бумалар төгілді, бейне көктемгі қаяз балықтың қарның жарып қалғанда ақтарылар ма қызыл уылдырық тәрізді; мұқым сары қайыспен қаптап, алтынмен аптаған көне кітаптар шықты. Көбі інжілдер екен, екі-үшеуі сәулет өнерінің сырын бейнелеген сызық пен есепке толы дүниелер.
Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіз Қазақстан – байтақ еліміздің астанасы. Астана – Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.