Айша бибі кесенесі Ертеде Қарахан атты батыр өмір сүрген деседі. Ол Айша бибі
деген қызға ғашық болыпты. Бірақ Айша бибінің әкесі мен Қарахан
батыр бір-біріне қас екен. Сол себептен де қызды қолдан алуға үміт
етпеген Қарахан бір күні Айша бибіні алып қашады. Сонда әкесі
жендеттерін жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.
Қос ғашық қуғыннан қашып, ұзақ шабады. Шаба-шаба шар-
шаған Айша бала кезінен өскен жері Аса өзеніне шомылмақ болып,
суға түседі. Осы кезде қыздың әкесі жіберген жендеттер Айшаның
сәукелесiне улы жылан салып жібереді. Суға шомылып, көңілі
шаттанған Айша сәукелесін киген кезде жылан шағып, есінен
танып, әлсірей бастайды. Қарахан Айшаны көтеріп алып, жақын
маңдағы ауылға апарып, молдаға некесін қидырады. Айша бибінің
демі бітіп, батырдың қолында көз жұмады.
54
Қарағанды
Авторы Иса Байзақов
Қайнаған қалың байлық Қарағанды,
Маңына жайып отыр миллион жанды
Байқасаң Қара алтынды кенін көріп,
Маңызы табысының өте мәнді.
Күн сайын мың сан тонна көмір беріп
Үйілген маяланып кені өніп.
Асыл кен, алтын, күміс, рудалар
Көмірдің қызуымен балқиды еріп.
Қорғасын, мыс пенен жез, асыл болат,
Көмірмен қайнағанда май боп ағад,
Машина, паровоздың қазандары
Күшімен қара алтынның пайдаланад.
Ендеше Қарағанды ұлы табыс,
Күшейсін өндірісі аяқ алыс.
Нормасын мезгілінде толтырмаса,
Екпінге ермегендік үлкен намыс.
Басшы бол маңайыңа екпінділер,
Жалқауды сынға түсір, жазасын бер,
Араңда прогульщик, жалқау болса -
Талқылап түзелуге жөн сілтеңдер!
Қарағанды.
Авторы Қасым Аманжолов
Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Менің Қарағандым
Авторы Мерей Жарқымбекова
Қарағанды әсем, үлкен қаласың,
Байлығымен аты шыққан дарасың.
Сарыарқада орналасқан қаласың,
Әсемденіп күннен-күнге барасың.
Бұл жақта көп өндіреді көмірді.
Қуантады жылулықпен өңірді.
Мәдениеті дамыған қаламыздың.
Елімізге мәлім болған дарамыз-біз.
Спорттан да қалыспаған менің қалам,
Жүлделі орындармен есте қалған.
Ата-баба өсиетін қадірлеген,
Басқа елге ерсі қылық танытпаған.