М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sakinaxalilova2
sakinaxalilova2
02.06.2021 12:42 •  Қазақ тiлi

Мәдени жәдігерлер жайында шағын Эссе жазу​

👇
Ответ:
Arina0903
Arina0903
02.06.2021

Есік қорғанынан табылған Алтын адамның көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен тұрмыста қолданған бұйымдары, Балпық бидің ұрыста киген дулығасы Астана төріндегі Қазақстан Қарулы күштерінің əскери-тарихи музейінде келушілер назарына ұсынылды. Алматы облысының Мəдениет күндері аясында өңір мұражайларынан мұнда барлығы 231 экспонат пен Көркемсурет галереясынан 30-ға жуық картина əкелініпті.

М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Күлəш Исабекованың айтуынша, көрмеге Талдықорғандағы өлкетану музейінің, Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уəлихановтың мемориалдық музейінің, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи мəдени қорық музейінің экспонаттары қойылған. Ал Талдықорғандағы Көркемсурет галереясы мен Жаркент қаласындағы Əбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясынан əкелінген акварельмен, майлы бояумен қағазға, кенепке, ағашқа салынған суреттер астаналықтар мен қала қонақтарының қызығушылығын туғызды.

Келушілерге экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жəдігерлер мен олардың тарихы туралы кеңінен əңгімелеп отырды. Мəселен, Балпық бидің XVIII ғасырда қалмақтармен соғыс кезінде киген дулығасын ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап келген Жоламан ауылында тұратын тікелей ұрпағы 1980 жылдары мұражайға əкеліп тапсырған. Ал жыр алыбы Жамбылдың мулине жібімен тоқыған портретін 1930 жылдары Өзбекстанның он алты жасар суретшісі ақынға сыйға тартқан.

Объяснение:

осы шыгар білмеймін. лайк

4,8(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
linasokol03
linasokol03
02.06.2021

Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау-сені улкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрас таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Бүгінде мен де осы маңызды шешімді қабылдаудың шегіне жеттім.Көз ашып жұмғанша ,11 сыныпқа қалай келгенімді өзім де білмей қалдым.Небәрі бірнеше айдан кейін мектеп табалдырығын соңғы рет аттайтынымды,осы балалық шаңымнан үлкен өмірге қадам басқалы отырғаныма тағырқаймын, әле де сенбей жүрмін.Үлкен қуанышқа орай, мамандық тағдағанның алдында қатты қиыншылықты басымнан өткерген жоқпын. Бастауыш сыныбымнан бастап өзелім, Отаным, Қазақ жерінің атын барша әлемге танытқым келеді деп өзіме арман етіп, мақсат қойғанмын. Сондықтан ойланбастан журналист мамандығын таңдаймын деген ешімге келдім. « Неге журналист?» деп ойлайтын шығарсыздар.Себебі журналист нағыз ХХІ ғасыр мамандығы, ал ХХІ ғасыр –ақпарат пен жаңалықтың ғасыры.

4,8(18 оценок)
Ответ:
gotov2344433332
gotov2344433332
02.06.2021

Біздің  елде  спорт пен  денешынықтыру мәдениетінің  берік  және  ертедегі  дәстүрлері  кеңінен  қамтылған. Денешынықтыру  мәдениеті  өзіндік ұлттық  тарихи  дамудағы барлық  жолдарын  жоғалтпады. Жарыстар  мен  әртүрлі  ойындар, денешынықтыру  жаттығуларының  ұлттық  түрлерінің  өсуі  мен  сақталуын  және  олардың жаңаша  туылуына, ұлттық  жаңа  түрдегі мәдениетінің сақтаушысы  халық  болды. Мерекелерде  дене  шынықтыру  мәдениетінің  ұлттық  түрі  айқын  көрініп  отырды.

Біздің  отанымыздың  түкпір-түкпіріндегі ұлттық  мерекелер  бұл  тек  ойын-сауық  ретінде емес  ол  әрине  спорт жарыстары  ретінде  мерекеленеді.

Әрбір  халық  өздерінің  ұлттық мәдениетіне      спорт  қазынасын ең жақын  жағынан  ендірді. Жарыстарды  ойындарды  және  дәстүрлі  спорт  мерекелерін,   жаңаша  толтыру мен  ұлттық  спорттық   ойын-сауықтардың  түрлерін  тапсырылуын  советтік  спорт мәдениеті   жоғары көрсетті.

Мысалы, аса  айшықталған  якуттардың  «испах»  деп  аталатын  көктемгі  мерекесінде  ұлттық  дәстүр  колоритін  сақтай  отырып  спортты  ұлттық  мерекеге  айналыдып, музыка  мен  поэзияларын  ұштастыра  отырып  өзіндік  сәнді  киімдермен  біріктірілген  спорт  ұлттық  түрлерін  жастар- өздерінің  ойнау  шеберліктерінде демонстрациялап  жеңіл  атлетика бойынша, гинастика бойынша, күреспен  командалық  ойындар жарыстары  бойынша айшықтай  көрсетеді.

Объяснение:

Осы келед шығар

4,4(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ