М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Marinap041744
Marinap041744
14.03.2022 07:16 •  Қазақ тiлi

"Тәуелсіздік тұғыры болар тұлғалар" тақырыбында эссе жаз

👇
Ответ:
У1м2н3и4ц5а6
У1м2н3и4ц5а6
14.03.2022

Тəуелсіздік - қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. Егемендік бізге оңай келген жоқ. Тамыры тереңге тартқан тарих беттеріне үңілер болсақ, орыс отаршылдығы кезеңіндегі Сырым, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Кенесары, Бекболат, Жəмеңке мен Ұзақ, Амангелді бастаған ірі көтерілістер мен ұлт азаттық күрестер Тəуелсіздікті аңсаған еліміздің жанкешті ерлігі мен тірлігін көрсетеді. Отызыншы жылдардағы қос нəубеттің қасіретін қалай ұмытамыз. Қолдан жасалған ашаршылық салдарынан халқымыз қынадай қырылды, «Қызыл империяның» құйтырқы саясатының құрбаны болған халқымыздың биік рухты, маңдайалды ұлдары «халық жауы» деген жаламен жазықсыздан-жазықсыз атылды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының кемел келешегі жолында басын бəйгеге тігіп, ажал оғына қасқая қарсы тұрған Алаш арыстары Əлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай əділдіктің ақ туын жықпай, арманда кетті. Тарихта теңдесі жоқ, миллиондаған жанның өмірін қиған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында да қазақ халқының ұл-қыздары қаһармандықтың ерен үлгісін көрсетті. Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі

4,7(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lesa18
lesa18
14.03.2022
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.[1]

Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдердеайтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсықжәне сабада дайындаған.

Қымыздың сапасы ең алдыменұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.

Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiкқабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.
4,4(65 оценок)
Ответ:
dover2
dover2
14.03.2022
Шұбат -  түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С дәрумендерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 дәрумендерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам ағсасының С дәруменiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, дәрумендерге өте бай.
Қаймақты бiрнеше түрлерге бөледi. Егерде қою сүттi салқын жерге бiрнеше сағатқа қалдырса, онда "шикi қаймақ" алуға болады. Қайнатылған сүттiң көбiгiн қазақтар "пiскен қаймақ" деп атайды. Қою қаймақты "кiлегей" не "маңыз" деп атайды. Қаймақтан өте дәмдi әрi пайдалы тағам - "бал қаймақ" алынады. 
Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.Құрт – кальцийдің көзі.  Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі.
4,7(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ