М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Midaw
Midaw
16.08.2022 22:45 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша бақылау тапсырмалары 7-сынып Оқылым. Тапсырма Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

Тәні саудың - жаны сау

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. (169 сөз) https://surak.szh.kz/574424

1.Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді?

A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.

B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады.

C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.

D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. [1]

2.Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған?

A. І B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ [1]

3.Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]



Ә мәтіні

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет. (164 сөз)

http://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=395

1.Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады?

A. медицина мен халық емін B. дәстүрлі ем

C. халық емін D. медицина емін [1]

2.Табиғи жолмен алынған дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта?

A. ІІ, ІІІ B. І, ІІ

C. І, ІІІ D. барлық абзацтарда [1]

3.Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр?

Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. [3]

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 100-150 сөз болуы тиіс. [10]

1. Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.

2. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Адамның дені сау болу үшін не қажет екендігі туралы әңгімелеңіз.

Жалпы:

👇
Открыть все ответы
Ответ:
4а4в7ч9п
4а4в7ч9п
16.08.2022
Менің сүйікті спортым ол баскетбол және волейбол, Мен волейболды кішкентай кезімнен бастап үйреніп жүрмін. Волейболдан көптеген жарыстарға қатысып бірінші және екінші орындарын алып жүрміз. Біздің жаттықтырушымыз әрқашан да өздеріңе сенімді ойнаңдар дейді. мінекей сол сенімнің арқасында бірінші және екінші орындар алып жатырмыз. Ал баскетбол ойынына келсек. Біздің командамыз бес адамнан тұрады. Бәріміз де тырысып ойнаймыз, әрине сеніммен. Сондықтан да біз жеңеміз. Бірақ мен қазір баскетболды көп ойнамайтын болғанмын. Себебі, біздің командамыздан екі қыз кетіп қалды. Оларды басқа мектепке ауыстырып жіберді. Міне баскетбол ойынын осылай тоқтатқандаймын. Бірақ волейбол және баскетбол менің сүйікті спортым болып қалады.
4,7(26 оценок)
Ответ:
Tjfjfjcgjgk
Tjfjfjcgjgk
16.08.2022
Наурызкоже казактын улттык тагамдардын быры.
халықтык дастур бойынша оган бидай , тары ,сур,
ет, буршак, су ,сут , туз сиякты жеты турлы тагам косылады . Дайындау ушын ен алдымен қазан толы сутты қайнатып, сут піскеннен кейін онын бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сут абден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сурімізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жугері, тары, асбуршақ, куріш тарізді қоректік заттардын жеті турін сут пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыныз дамді болсын!
4,8(88 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ