М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sanie777velieva
sanie777velieva
22.01.2021 12:58 •  Қазақ тiлi

57. Сөздерді көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір. Іле, ілгіш, ілгек, ілгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік,
ірі, ылғи.
Мағынасы түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен
қарап біліп ал.
во

👇
Ответ:
katevina
katevina
22.01.2021

Іле - аудан

Іле, ілгіш, ілгек, ілгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік,

ірі, ылғи.

Іле - аудан

Ілгіш - киім ілетін

Ілгек - не знаю

Ілгері - алға қарай жүру ( ұмтылу )

Ілесу - мысалы: домбыра шертсе қасындағы адамдардан қалмай ілесіп отыру

Ылғал - сулы

Ірімшік - кәдімгі ірімшік

Ірі - үлкен

Ылғи - үнемі

Объяснение:

4,6(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
алина3706
алина3706
22.01.2021

Тәуекел хан 1583 ж. өзбектермен «анттасқан шартты» бұзып, Бұхараға қарсы Ресеймен саяси одақ құруға қадам жасады. 1594-95 ж. Құлмұхаммед және Вельямин Степанов басқарған елшіліктер алмасылды. Ресейдің Аболла ІІ мен Көшімге қарсы соғыста Тәуекелге көмек көрсетуі, сауда қатынасын ұлғайту, қазақ ханының Ресей азаматтығын қабылдауы жайлы келіссөздер жүргізілді. Тәуекел хан Ресейдің қолдауымен Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзаққа созылған күресті сәтті аяқтады. Тәуекелдің мирасқоры Есім ханның (1598-1628 ж. билік жүргізген) 1598 ж. Бұхарамен жасасқан бітім шарты бойынша Түркістан мен Ташкент қазақ хандығына берілді.

Қазақ хандығының 17 ғасырдағы сыртқы саясаты үш бағытта жүргізілді; аштархан әулетінің қазақ билеушілерін Ташкент пен Түркістаннан ығыстыруға тырысқан әрекетіне қарсы күрес; орыс мемлекетімен қарым-қатынасты бұрыңғыдан да нығайта түсу; Жоңғар хандығының шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрес.

Ал 80 жылдары Жоңғар хандарының Оңтүстік Қазақстандағы қысымы күшейді. Бұл кезеңде қазақтар мен орыстардың саяси және экономикалық байланысы жаңа сатыға көтеріле бастады. 1686-98 ж. Тәуке хан (1680-1718 ж. билік жүргізген) Сібір арқылы Ресейге бес елшілік жіберді. Жоңғарлардың шабуыл жасау қауіпі күшейе түсуіне байланысты Қазақстанның Ресей қарамағына өтуі бірінші кезекті мәселеге айналды

4,6(63 оценок)
Ответ:
burdyugova48
burdyugova48
22.01.2021

Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

4,6(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ