Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» аталатын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлайды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.
«Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні неде?»
Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды.Оның әрбір сөзінде терең мән мағына бар. оны мына үзіндіден көруге болады:«Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен- жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас.». Осы сөздердің өзі Қорқыт атаның сөз атасы екенін түсінуге болады. Я мұнда өте үлкен мән жатыр . Осы сияқты сөздерді естіп өскен баланың тәрбиелі және адал болады деп ойлаймын . Мен Қорқыт ата нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні үлкен деген қорытындыға келдім.
озм жаздым:)
Объяснение:
озм жаздым:)
адебиет тжб 1 токсан
Өзіңе сенсең барлығы болады