Жаңаөзен-тарихы мен таңғаларлық жері мол өлке.
Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан.Қала басшысы-Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров.
Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан,Қашаған ескерткіші, "Дулыға" алаңы."Мұнайшыларға арналған ескерткіш" сиықты қаладағы әсем ескерткіштерді қарауға тұрарлық.
Сондай-ақ қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Жаңаөзен қаласы білімнен де құр алақан емес.Қалада 6 колледж бен 1 лицей орналасқан.Айта кетсек, Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі.Жаңаөзен кәсіпқой лицейі. Сонымен қатар,кішкентай болсада , алып тұлғалар шыққан мекен.Жаңаөзенде туған тұлғалар:
Рахмет Өтесінов - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы.Дәуіт Шайхисламов - қазақстандық шоумен,КВН қатысушысы.Алтынай Сапарғалиева - қазақстандық әнші, Супер Старс КЗ қатысушысы.Луина - қазақстандық әнші.Ақмарал Кемелханова - қазақстандық әнші.Динара Бақтыбаева сынды тұлғалар Жаңаөзеннің атын шығаруда.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.