Сарымай – қой, ешкі, сиыр сүтінен алынған қаймақты күбіде пісу арқылы алынатын тағам. Сарымайдың түсі сары әрі сүт тағамдарының ішіндегі ең майлылығы мол, құнарлысы.
Сары уайым – адамның жан дүниесіндегі сағынышпен,рухани мұқтаждықты сезінумен байланысты ұзақ уақыт бойына құлазу,қайғыру сезімі.
Сары уыз – енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алынатын уыз.
Сары ауыз – көрінген әйелге көз сүзіп, сөз айтатын еркек.
Сары су – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім.Тағы бір мағынасы адам организмінде ұзақ процестердің нәтижесінде тіндер мен органдар арасында пайда болатын қуысты білдіреді.
Қалың киім – жылы киім дегенді білдіреді.
Қалың жұрт – көпшілік,көп адам деген мағынада.
Қалың бет – ұятсыз,тәрбиесіз адам.
Қалың қамыс – су өсімдігінің өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өсуі.
Қоңыр сиыр – сиыр малының түсін білдіреді.(Қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс)
Қоңыр жіп – жіптің түсі.
Қоңыр дауыс – бірқалыпты ырғақпен айтылған,жайлы үн, дауыс.
Қоңыр салқын – жағымды,бірқалыпты мезгіл.
Қоңыр күз – күздің ауа райы жылы және құрғақ кезі.
Қоңыр қаз – өзен-суларда жүретін қоңыр түсті жабайы қаз.
Қоңыр жел – жанға жайлы салқын жел.
Қоңыр тарту – күреңдену,қоңырлану.
Қоңыр аю – көбіне қалың орманды жерді мекендейтін сүтқоректі жыртқыш;аюдың бір түрі.Қоңыр аю - терісі,майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң.
көмектесер едім
олардың істері дұрыс емес қаншама адамдар осындай болуда ,ал жинап жатқан адам ата кәрі белі ауырады жас болса жақсы болар еді жооқ бырақ ол үшін өте