Ана туралы.
Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.
Родостағы алып мүсін - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.
Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Объяснение
көмектескен шығар деп ойлаймын