Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгілде үш ай бар. Жылдың басы қаңтар айынан басталады. Қыста қар көп жауады. Өзен-көлдердің бетін мұз басады. Адамдар жылы киініп жүреді. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қыстан кейін қарлар еріп, көктем келеді. Көктемде күн жылынады, жер көгереді, гүлдер гүлденеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Адамдар егістікті қолға алады. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
Жаз мезгілінде күн өте ыстық болады. Оқушылар демалысқа шығады. Жеміс- көкөністер пісе бастайды. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
Жаздан соң күз келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Аспан бұлттанып, жиі-жиі жаңбыр жауады. Күн суытады.
Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі бар. Маған төрт мезгілде ұнайды.