Мәтіннен синоним сөздерді табыңыз Ауа райының белгілі бір жерге тән, көп жылдық орташа жай-күйі климат деп аталады. «Климат» сөзi грек тiлiнен аударғанда «ылди, еңiс» мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi мен күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары болса, күн сәулесiнiң түсу бұрышы да соғұрлым үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер
бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.
Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.
Сiз бен біз қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Өсiмдiктер қыс кезiнде өсуiн тоқтатып, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, ал қалған жануарлар қысқа қорек жинайды. Ауа райы өзгереді, ал климатқа тұрақтылық тән.
Объяснение:
Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады.
Историзм тарихи сөз — атап білдіретін заттары мен құбылыстары өмірде жоқ, көнеріп қолданудан шығып қалған сөздер мен тұрақты сөз тіркестері.
Неологизм– қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар .
Диалект сөздер - Жалпы халықтық тілде қолданылып, сөздік құрамға енетін сөздер сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті болып келеді. Сондай-ақ жалпылама қолданыла бермейтін, тек белгілі бір аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздер бар. Кәсіби сөздер- бір нақты кәсіппен айналысатын адамдарға ғана белгілі сөздер . Термин - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі.
Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер», «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі.