М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
adidas2963
adidas2963
19.11.2022 09:37 •  Қазақ тiлi

Написать текст про асық ойнау желательно с переводом 5-7 предложений

👇
Ответ:
Арте2281337
Арте2281337
19.11.2022

Асық ойнау

Асық ойыны қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойыны. Асық ойнау баланың жүйке жүйесін жастайынан шыңдап, оны икемділікке, ептілікке, ширақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдылыққа, дәлдік пен ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ертеде ата - бабаларымыз тіпті сәби дүниеге келмей тұрып оған арнап асық жинаған. Асық ойыны - тек қазақ халқына ғана емес, сондай - ақ Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік ұлттарына тән ойын.

Қазақ халқында тіпті асықпен байланыстырылып құрылған мақал - мәтелдер де жеткілікті. Мысалы, «Асығың алшысынан түссін» деп үлкен кісілер бата берсе, ол «ісің оң болып, сәтті болсын» деген мағына білдіреді. Ал «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегенді түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.

Сонымен, асық деген не және бұл ойын қалай ойнайды деген сұраққа жауап беріп көрейік.

Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады.

Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық.

Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық.

Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі.

Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.

Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі. Табан – асықтың тәйке жағы.

Оңқай –асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы.Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады.

Солақай — асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады.

Сақа — қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Сақа деп арқардың асығын атайды.

Құлжа — арқардың аталығының асығы.

Жабайт — еліктің асығы.

Шүкімайт — қозы мен лақтың асығы.

Асық ойындарының бірер түріне тоқтала кетейік.

Асықты тігіп ойнау. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Содан 1-1,20 см немесе 1,5 мерге дейін болады.Мұны «Көн» деп атайды. Ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерденқайта атады. Сөйтіп, көннен шығарғандарын ала береді.Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалыбында атып, көннен шығарып алуы тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

Ханталапай. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Осындай тәрбиелік мәні зор ұлттық құндылығымыз саналатын дәстүрлі ойындарымызды ұмытпай, ары қарай жетілдіре берейік!

4,4(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

құрылды-құрылатын(ауыспалы өткен шақ)-құрылған(бұрынғы өткен шақ)-құрылар(болжалды келер шақ)-құрылмақ(мақсатты келер шақ).

таныстыр-таныстыратын-(ауыспалы өткен шақ)-таныстырған(бұрынғы өткен шақ)-таныстырар(болжалды келер шақ)-таныстырмақ(мақсатты келер шақ).

дəріпте-дəріптейтін(ауспалы өткен шақ)-дəріптеген(бұрынғы өткен шақ)-дəріптер(бкш)-дəріптемек(мкш).

орында-орындайтын-орындаған-орындар-орындамақ.

таныт-таныйтын-таныған-таныр-танымақ.

ойна-ойнайтын-ойнаған-ойнар-ойнамақ.

байқа-байқайтын-байқаған-байқар-байқамақ.

елесте-елестейтін-елестеген-елестер-елестемек.

үйлестір-үйлестретін-үйлестірген-үйлестірер-үйлестірмек.

Жедел өткен шақ [-ды,-ді,-ты,-ті]

Бұрынғы өткен шақ[-ған-ген,-қан,-кен]

Ауыспалы өткен шақ[-атын,-етін,-йтын,-йтін]

Болжалды келер шақ[-ар,-ер,-р]

Мақсатты келер шақ[-мақ,-бе,мек,-пек]

4,7(54 оценок)
Ответ:
rodoskinatanya
rodoskinatanya
19.11.2022

Объяснение:

Құрмаш - Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан.

Көксерек - күшік кезінде ауылға әкелінген. Көксерек ауыл иттерінен қорлық көреді. Иттер оны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді.

Қасен - Құрмаштың дұшпаны болып,көрген сайын мазақтап жүретін адам.

Аққасқа - Жұмаштың иті, Көксеректің баққасы. Онымен әрдайым күресіп, жарақат жасайтын ит.

Бейсембай жылқышы - Қолында шошайған сойылы бар,астында қатып қалған ақ бедеуі бар,жылқы бағып жүретін адам.

Құрмаштың әжесі - Құрмашты қолдап отырған адам. Соңында елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басынан қарғап тұрып , тепті.

Жұмаш - Құрмаштың ауылдасы, баққасы. Үнемі Құрмашпен ұстасып жүретін бала.

4,5(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ