1986 жыл.Қан төгіс басталған кез.Тəуелсіздік алу жолындағы күрес.Бұл күрес адам жүрегінен кетпесіне күмəнім жоқ.Осы тəуелсіздік жолындағы шайқаста қаншама қазақ балалары қырылды.Желтоқсан желі қаншама жас қазақ ұрпақтарын қырды.Енді олар да батыр атанды.Оларды əрбір 16 желтоқсан сайын есімізге аламыз.Еске аларлықтай нағыз батырлар.Егер олар болмаса не боларын елестетейікші.Елестету де қиын.Біз орыстардың құлы болар едік.Тəуелсіз мемлекеттердің қатарында болар едік.Құдайға шүкір біз Қазақстан деген жеке мемлекетпіз.Осы 1991 жылы 16 желтоқсанда аяқталған соғыс "Желтоқсан желі " ешқашан естен кетпейді
Объяснение:
надеюсь
Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесі бір деммен оқылатын ғылыми фантастикалық тақырыпта жазылған. Шынымды айтсам бұрын бұндай тақырыптағы әнгімелерді мүлдем оқымайтынмын, бірақ бұл әнгіме ерекшеленді. Себебі бұл жай ғана әнгіме емес үлкен терең мағыналы әңгіме.
Қысқаша тоқталсақ, шығарманың басты кейіпкерлері Мерген мен Сартай планетолог әкесімен бірге Айға сапарға барады. Экспедиция нәтижесі Айдың белгілі бір күрделі себептердің нәтижесінде тіршіліксіз тоқтап қалғанын дәлелдеді. Бұл себептердің бірі тазалық сақтамау. Бізде соған жақындап келеміз.
Қазіргі таңда көптеген қоқыстың өнделмей, тасталып, жердің құнарлығын төмендетіп жатқанын байқауға болады. Бұл үлкен мәселе, бірақ оны шешуге болады. 2020 жыл Қазақстанда волонтерлер жылы. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Неге бірге өз қаламызды тазаламасқа, ағаштар отырғызып игі іс атқармасқа?! Бұл біздің Озон қабатын кішкене болсын сақтап қалуға көмектесер еді.
Объяснение:
Объяснение:
Оқушы бойында адамзаттық қндылықтарды қалай қалыптастырамыз?
Әрбір қазақ отбасында ата – ана қашанда балаларына ізгі де өнегелі тәрбие беріп, жамандықтан аулақ болуды айтып отырады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.
Сондықтан да оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда отбасының алар орны ерекше. Сонымен қатар оқушылар көп уақытын мектепте өткізетіндіктен отбасы мен мұғалімнің қарым-қатынасы да маңызды. Бала ортасына қарап өсетіндіктен баланың кіммен дос болып, бос уақытын қалай өткізетінін де жіті қадағалап отырған абзал.
Отбасында жылулық пен сүйіспеншілікке оранып өскен баланың бойында адамгершілік пен жағымды қасиеттер басым болары анық. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады