01:40 О. 3G
K
Сбросить Сохранить
Тақырып
Оқу мақсаты
Қазақстандағы көрікті жерлер
6.14.1 -мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара
отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
6.4 1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және
дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық
нормаға сай жазу.
Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады,
Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды.
жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын
сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады,
Қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдысының
деңгейлері
Орындау уақыты
10-20 минут.
Тебе сыры
Тебе - топырақтан құм мен қиыршық тастан үйіліп қалған дөңес жер. Мұның
үлкен мәні бар. Ертеде ел келе жатқан жауын да, досын да тебе басында отырып
шолған. Ол - ол ма, өткен-кеткен әңгіме де, болашақ туралы кеңес те төбе басында
айтылган.
Тарихқа үңірсек, әлемге әйгілі қалалардың бұл күнде төбе болып, үйіліп
жатқанын білеміз. Соның бірі – Отырар қаласы, осы күнгі Отырар төбесі.
Отырар 1969 жылға дейін сол төмпешік төбе қалпында жатты. Қазу
жұмыстарының нәтижесінде көп дүниенің орны, тоқыма сыры ашылды. Темір
соғатын ұста дүкенінің орны, тоқыма станогының қалдықтары, қыш құмыралар.
күміс білезік, мыс тиындар - Отырар қаласының төбеге айналған топырағының
астында қалған тарихи деректер.
Біздің жерімізде табиғи төбелер де өте көп. Олар бітім тұлғасының озгешелігіне
қарай Қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталады.
(112 сөз)
Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтаңыз
1. Төбеге айналған топырақтың астында қандай сыр бар?
2. Неліктен кей жерлер қарауыл төбе, Көктөбе, Ақтөбе, Қостөбе деп аталған?
Тест сұрақтары
11)Мәтін неше бөліктен тұрады?
А 1
В. 2
с 3
О <> ва
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.