ХХІ ғасыр а ң ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
Менің мектебім
Менің атым-Мәншүк.Мен №133 мектептің .6-сыныпта оқимын.Менің мектебім Төле би көшесінде орналысқан.Мектебімізде тоғыз мың оқушы бар.Мектеп директоры-Исайтай ағай.Сынып жетекшісі -Айгүл апай.Айгүл апай бізге қазақ тілінен сабақ береді.Апай сабақты қызықты , түсінікті өткізеді.Үйім мектебім жаңадан салынған.Мектеп іші кең, жарық және таза.
Кабинеттеріміз қазіргі уақытқа сай жабдықталған.Бірінші қабатта екі спортзал бар.Кітапханада үлкен оқу залы бар.Асханамыз кең және таза.Екінші қабатта үлкен мәжіліс залы бар.Мектеп алдындағы әдемі гүлдер өсіп тұр.Жас ағаштарды мектеп оқушылары отырғызған.Ауладағы спотр ойындары өткізіледі
Туған жер – алтын бесігім
Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде отан ол «үйренген орта»-ма. Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан, мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық» дегенге мән бермейміз. Ол үшін а жанын беруге дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман есен, жақсы өмір сүріп жатсақ, жақсы тамақтанып, жақсы киінсек, мінер көлігіміз жылы, ыңғайлы, жайлы үй болса, барлығы болса — деп өмір сүреміз. Алайда, отан деген осы айтылғандардан мүлде басқа нәрсе екенін, өмірден де артық зат екенін әр азамат сезіне бермейді. Екіншіден, әр қазақ азаматтарының әскери борышын өтеу арқылы одан көп нәрсе үйренуден, отанға деген құштарлықтан, отан деген сөздің түп-төркінін білуден, отанын құрметтеуден, қорғаудан басталады. Кез келген уақытта отан үшін жанын беруге дайын екенін түсінуден тұрады.
Объяснение: