М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
снеговик20081
снеговик20081
25.02.2023 07:24 •  Қазақ тiлi

Ашамайға мінгізу помагити​

👇
Ответ:
mishishinatany
mishishinatany
25.02.2023

Ашамайға мінгізу - қазақы ортада жастық- жыныстық жіктелуді айғақтайтын этностың тіршілік цикліне қатысты ғұрыптардың бірі. Қазақ салтында сәбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткен кезде ер бала мен қыз бала ретінде алғаш рет жыныстық жағынан жіктеледі : қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізіліп, қызша киіндіріледі. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.

Жас бала есі кіріп 4-5 жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту етіледі. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және баскиіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті - жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді. Капаны атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіп, аяғын ісикішекке сұғып, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай ғып тартып таңады.

Осы тұста:

Мықтап тарт ашамайдың қолтырмайын,

Жас бала жол үстінде болдырмасын,'

- деген өлең түрінде ескертпе бата айтылады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Ондайда ауыл ақсақалдары төмендегідей бата береді:

Ал, ақ тілек, ақ тілек,

Атқа тоқым сал білек,

Атқа да жақсы шаба біл,

Жасыңнан малды баға біл,

Өнеге, өнер таба біл,

Аймағыңа жаға біл,

Атқа міндің, ақжол болсын,

-

немесе:

Асқар-асқар таудан өт,

Ағыны қатты судан өт.

Ит тұмсығы батпайтын,

Іргесі биік нудан өт.

Айдын-шалқар көлден өтіп,

Жеті қылым елден өт.

Құс қанатын талдырған,

Қу мекиен шөлден өт!

Жолсыз жерде жол баста,

Жаугерлік болса қол баста.

Сәйгүлігің сай болсын,

Тілегім осы әу баста Әмин, аллаху әкпар!

Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады. Баланы атқа мінгізгсн жігіт атты ерттеп, көрші-колаң, ауылды аралатады. Есігінің алдына ашамайға мінгізу рәсімін өткізген бала келген үйдің бәрі шашу шашып, баланың киіміне үкі, шашақ, теңге, моншақ қадайды. Бала шаршады-ау деген кезде үсті-басы әлем-жәлемге, әшекейге толып ауылға қайтып оралады. Сол күні мал сойылып, ат шаптырылып, той жасалады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді. Бірте-бірте атпен баланың өзі жүреді, бір-екі күннен соң аяғын байламайды, сонымен бір жеті ішінде ашамайды тастап ерге отырады. Байлар ашамайға мінген балаларын көштің алдынан салтанатпен жүргізген.

4,6(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Лисёнок335
Лисёнок335
25.02.2023
1. три пассажира одинна голове родника друг на другабыло время. булакский вышел из одного каменистого места, листья дерева, которые толст кончилось место вокруг, родниклившись, вода обледеневает, прохладный, как правда стоял жылтылдап, столькокрасивый, чистый родник. месту, на котором вышла вода, как один октябрь скальный один выдавил защитакылып, писать каменному месту водоспускавыпрямил: - эх,пассажир, будь как этот родник быть, - говорить. читая то, что то, что те три пассажира пили из родника, пишет конец, один не торговец,он сказал: - этоум, который был написанным, не слово, родниктекши, до того, как день-ночь замолчала, идет на далекие места,чужие родники ливши этому, үлкейеді, с течением времени просторный, идя на сөйте была большая река уходят. от этого мечта то: и ты, человек,служи, до того, как замолчит, на ешуақыттане задержись ленясь, сөйтсең, затихни,и ты зорайып твоя мечтаместо соединения лезвия с черенком сказало говорит брусок, -деді.2. второй пассажир бесприютная мульдаголову, качнув: - нет я так не думаю, это писать мағнасы вас от думания, гөрі бить высший нужный, этот родник: кому и быть готов
4,6(63 оценок)
Ответ:
Бла161
Бла161
25.02.2023
Возможно так памятники находятся в казахской степи ğajayıptarımen продолжает поражать мир, потому что их barlığıökone jädigerlri.ворона мой - проклятие вдоль каньона вблизи города алматы "уиу золото, найденное в более чем 300 изделий из qoyması.bul с золотом, драгоценными камнями, установленные замечательный продукты экспрессии tabılğan.olardıñ редкие мыши в форме золотые серьги и золотое кольцо с изображением верблюда.золото ювелирный магазин это (флаги) склад tabılwı- река qızıq.onı кеген жалаулинскому возле села района алматинской области был найден añğarınana школу. скорее всего, она должна быть скрыта от долины реки в руках кого-то склад. создать войлок обязаны верить, что природа продуктов в корзине jeteleydi.kïimderdiñ, ремни и имя äbzelderiniñ ювелирные изделия и другие ювелирные изделия, золотые украшения больше, чем общее число шестьсот характер bc 5-3 веков, который является благородным примером культуры осторожность (flag) имеет прекрасный полном объеме и в углубленное изучение тонкостей будущей работы.
4,7(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ