Тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңдар. (Используя данные словасочитания напишите небольшой текст на тему «Удивительный Казахстан») Табиғаты ерекше, айдын көл, сұлу өзен, асқар тау, кең дала,он қорық, «Әнші құм», шөл дала, көркем мекен, анаңдай қорға, көздің қарашығындай сақтау, «Қызыл кітап», экологиялық мәдениет
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.