0
Объяснение:
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады. Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады.
қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды теңгермедім (С. С). Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?), көріп, келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді), көрмедім, теңгермедім (мен не істедім?) деген сөздер заттардың (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады.
Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т. б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, кушейіп т. б. деген етістіктер ойын, шеге, қара, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; шеге-ле, таза-ла, бас-та, т. б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т. б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т. б.
4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т. б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т. б.
7. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т. б.
Етістік грамматикалық тұлғаларға бай сөз табы болып табылады. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен бірге етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субъектімен және объектімен әр қилы қатынасына байланысты (шақтык, жақтық, райға қатысты), болу-болмауына байланысты т. б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады.
Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістік болып бөлінуімен, сондай-ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, көсемше, есімше, тұйық етістік сияқты ерекше тұлғаларынан, жіктелуінен көрінеді.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика-грамматикалык категориялары, шақ, рай, жақ (жіктелу) түрлері грамматикалық категориялары деп те аталады.