"Ағасы бардың жағасы бар інісі бардың тынысы бар"-бұл мақал барлығымызға белгілі.Яғни,бұл мақалдың мағынасы аға мен інінің арасындағы сыйластықты айтамыз.Ағасы інісінің әдетте ақылшысы,тіреуіші,демеушісі болуы қажет.Інісі болса ағасы не айтса соны істеп ағасы айтқан жолмен жүреді.Алайда,кейде інісі мен ағасы дауласып жатады.Иә,бұл аға мен іні үшін түк емес.Бастысы екеуі бауырмалдығын жоғалтпаса болғаны.Бұл ұрыстың бәрі жәй ғана өткінші нәрсе.Сондықтан бауырмалдығымызды жоғалтпай,сыйласып жүрейік
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.