Мәтін — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді.
Менің отбасым. Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы. Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
Менің анам --Сенің анаң қандай адам? --Менің анам, мен үшін ең асыл, ардақты жан.Менің анамның жаны ерекше нәзік ,анам аса сезімтал жан.Анамның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады. --Сенің анаң қайда жұмыс істейді? --Менің анам мектепте бастауыш сыныптарына сабақ береді. Менің анам еңбеқкор адам. --Сен анаңа көмектесесін бе? --Мен анамды сыйлаймын, анама көмектесемін --Ал сенің анаң қандай адам.? --Менің де анам ардақты мейірімді жан.Менің анамның жүрегі уайымшыл нәзік.Анам менің қамқоршым, ақылшым, бақытым. --Сенің анаң қайда жұмыс істейді? --Менің анам дәрігер.Менің анам қайратты жан.Мен өзімнің анамды жақсы көремін ,сыйлаймын,- --Досым, біз ең бақытты баламыз. Біздің асыл, да ардақты аналарымыз бар.Анасы бар адамдр ең бақытты