Біздің планета атмосферасының массасы көп емес — Жер массасының миллионнан бір бөлігі ғана. Алайда, биосферадағы табиғи үдерістердегі оның рөлі елеулі. Жер шарының айналасында атмосфераның болуы біздің планетаның жалпы жылулық режимін анықтайды, зиянды ғарыштық және ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Атмосфера циркуляциясы жергілікті климат жағдайларына, ал олар арқылы — өзен, топырақ режиміне, рельефтің қалыптасу үдерістеріне әсерін тигізеді.
Әр түрлі экожүйеге атмосфераның құрамына кіретін үш газдың маңызы зор: оттегі, көмір қышқыл газы, азот. Бұл газдар негізгі биогеоциклдерге қатысады. Жердің атмосферасындағы жағымсыз өзгерістер, негізінен атмосфера ауасындағы екінші ретті компоненттер шоғырлануының өзгерісімен байланысты.
Атмосфераның екі негізгі ластану көзі бар: табиғи және антропогендік. Атмосфераның ластануының негізгі антропогендік көздеріне отын-энергетика кешенді кәсіпорындары, транспорт, әр түрлі машина жасайтын кәсіпорындар жатады.
Әбу Насыр Әл – Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» ретінде танымал болған ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл – Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келген. Толық аты - Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Фараб қаласында Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасқан болатын, соның арқасында Әл Фараби мұндағы құнды қолжазбалар мен кітаптармен таныс танысып, оларды оқуға мүмкіндік алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Ғұлама ойшыл бір қалада ұзақ тұрақтамай, үнемі саяхат үстінде болып, білімін шыңдаған. Бар ғұмырын білім мен ғылымға арнап, түрлі мәліметтерге сәйкес 70 – ке жуық тіл меңгерген екен.
Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған.
Биылғы жылы (2020 жыл) ұлы ойшыл – ғұламаның 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі.
Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.
Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.