Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-
ақпараттық стильде аннотация жазыңыз.
Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз:
мақалада
қарастырылады, мақала
арналған,
мақалада
көрсетіледі, мақаланың негізінде
жатыр, автор ...
мәселелерге тоқталады, автор ...
мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың
мақсаты...
[10]
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз.
Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда,
түркілер ІV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы
көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған
хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары
негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп
аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі
ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған
тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін,
Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле
өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба
ескерткіштерінің көп кездесетін жері Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар
құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын
қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне
руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі
біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз»
сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латы ның «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе
грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы
құнды дәлелдер береді.
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.