Ердің атын еңбек шығарады.
Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.
Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.
Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.
Қазақ халқы бала тәрбиесінде еңбектің рөлі өте маңызды екенін әрдайым ескеріп отырған. Сондықтан ер балаларды бала күнінен бастап «Ердің атын еңбек шығарар» деген мақалға сәйкес егін егу, мал бағу, аңға шығу, кішіге қолқанат болу секілді ізгі әркеттерді бойына дарытып өсірген.
Ертеде өте еңбекқор құмырсқа болды.Ол үйіне дән тасыды.Ол көп дән жинады.Қыста оның тамағы да,отыны да болыпты.Бір күні оған Шегіртке келді.Құмырсқа оған есік ашты.Оны үйге кіргізді.Шегірткеден неге келгенін сұрады.Шегіртке құмырсқадан көмек сұрапты."Ішетін тамағым жоқ, киетін киімім жоқ,тұратын үйім жоқ"деп жылапты.Құмырсқа оны аяпты.Үйінде қалдырыпты.Шегіртке еден сыпырды,үй жинады,тамақ пісірді.Құмырсқа оған алғыс айтты.Шегіртке еңбек етуді үйренді.Көктемде Шегіртке өз үйін салды.Құмырсқаға рақмет айтты