М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Besta555
Besta555
26.03.2023 16:36 •  Қазақ тiлi

Болашақтағы климат Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні
ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005
жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін.
Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тәуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дәйек болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Инна Колтаевская
(186 сөз)

Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз:

Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз
жаһандық -
көлемі -
жорамалы -
тапшылығы -

👇
Ответ:
gulya101
gulya101
26.03.2023

Объяснение:

1) ғаламдық

2) мөлшері

3) болжамы

4) жетіспеушілігі

4,7(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
katmar
katmar
26.03.2023
Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Сурет - тарих шежіресі. Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады 

Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірліқ шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді. 

Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.
4,4(24 оценок)
Ответ:
Nemuverus
Nemuverus
26.03.2023
          Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Балалық шақтан кішкентай балаға отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік.
         Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын жасау керек еді. Оның Отанына жау бас салды. Дұшпан қатігез болды және оның әкесін тұтқынға алды. Ол талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Ол білді, егер ол билікті берсе, жау оның халқын құлдарға айналдырады. Ол өз халқын сақтап қалуды шешті.
        Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халық болу үйретеді, және ештеңе, ешкімді жасқанып қажеті жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиелейді. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспанмен тілейміз. Олар соғысты, еңбектенді! Біздің ұрпақ осы адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анасы. Ол өмірді сыйлады.
         Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, Туған Жер үшін өмір сүру.
4,7(48 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ