М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
denis040304
denis040304
28.02.2021 20:03 •  Қазақ тiлi

(Отан от басыдан басталады) деген эссе жазуга комек керек
Озгеше билип коймау ушин

👇
Ответ:
minari3
minari3
28.02.2021

«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ

Объяснение:

4,6(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
рвовивовл
рвовивовл
28.02.2021

Менің елім.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей  ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.

4,8(3 оценок)
Ответ:
Mаjоr
Mаjоr
28.02.2021

ертеде бір қарлығаш болыпты. Онын балапандары бопты бір күні қарлығаш өзінін ұясы бар ағашқа жылан өрмелеп келе жатқанын көреді сосын көмек сұрауға ұшып кетеді. Бірінші қарғаға барады ол көмектесуден бас тартады сосын қырғиға бүркітке барады оларда көмектесуден бастартады.

Сосын жылап өзінін ұясына қайтып бара жатады.

Осыны көрген дәуіт қарлығаштан не болды неге жылап келе жатсын қарлығаш дәуітке болған оқиғаны айтып береді .Осыны естіген дәуіт мен көмектесе аламын дейді. Бұған қарлығаш сенбеді бірақ басқа амалы бомағандықтан дәуітті арқасына салып ұшады.

ол екеуі келгенде жылан балапандарға жақындап қалған екен дәуіт қарлығаштын үстінен секіріп түсіп

4,4(33 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ