балапан
Объяснение:
Балапан сыны.Тауды мекендейтін бүркіттер ішінде тұмса бүркіт балапаны деген болады. Бұл балапан құсбегілердің назарын өзіне қатты аударады. Бұдан басқа: ақбұршақ балапан, шұбар балақ балапан, ақбілек балапан, шынжыр балақ балапан дегендер болады.
Тұмса бүркіт балапанның кеуде жүндерінің ұшы қарайып көрінеді де, ортасынан көлденең белдеуше ақ сызықтар байқалады және жүннің қарасынан ағы көптеу болады. Бұл сызықтар жемсаудан бауыр шудасына дейін, ұршықтан балақ шудаға дейін созылып ақ бедер жасайды. Кеуде, бауыр, балақ жүндерінің ұшы ақ және саңғыруға жақын бауыр шудасы аппақ, бірақ ұшы қызғылтым сарғыш түсті болады.
Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Несіне асығады?!
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.
https://weaft.com/documents/stihi-na-kazahskom-yazyke-mukagali-makataev-kazakh-language-poem
Или хотя бы фото прикрепили бы