М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

«Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу - міндет» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз быстрее(

👇
Ответ:
bun3
bun3
03.09.2020

ответ: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.

Объяснение:опоздал я?

4,7(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Tatuhenka3
Tatuhenka3
03.09.2020

Көк пен жерді жалғаған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!

Байқоңырды тебірене еске алғанда, арманыма қанат бітіп, көкке самғағандай күйге бөленемін.Менің басты арманым - ғарышкер болу. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдай қараймын. Аспаным менің, арманым менің арайлы! Таудай үлкен талабым бар, үлкен ғалым боламын мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын. Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаббатымды мәңгі сақтаймын! Оқу оқып, білім нәрін жинаймын, қияға қанат қағамын, ғылымның сан қырын ашып, қызықты өнер табамын.Саятшы менің Отаным, мен боламын бала сұңқарың. Космосқа күнде ұшатын космонавың боламын!

Мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет түзеймін. Бағытымнан аумай, шетсіз-шексіз ғарышты аралаймын. Кемемен мен заулаймын, қиындықтан әсте қорықпаймын. Сырын ашып ғаламның, еліме қызмет етемін. Бұл менің басты арманым. Еліктеймін Тоқтар ағама. Тоқтар аға - тұңғыш ғарышкер, батыр ғой ол тұңғыш ұшқан ғарышқа. Ағамның жолын маған да беріп, мен де ұшсам ғой ғарышқа, туған жерімнің сәлемін апарар едім Марсқа.

Мен ұшқыш болу үшін біліммен қатар денемді де шынықтыруым керек екенін түсіндім. Ол үшін мен дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануым керек. Мен елімнің игі ісі үшін еңбек ететін батыр ұлы, ержүрек азаматы болғым келеді. Тоқтар, Талғат ағаларым болған ғарышта мен де болсам деп армандаймын. Менің көз алдыма ғарыштан оралғанда мені сағынып, күтіп тұрған, құшақтары гүлге толған, көңілдеріне қуаныш қонған, жүздерінен мейірім төккен, сағынышпен жүзімді өпкен аяулы халқым - қазақ елі елестейді. Өйткені бұл менің арманым ғой көптен күткен.

4,8(14 оценок)
Ответ:
Zipchik
Zipchik
03.09.2020

Ұзақ уақыт бойы адамдар ғарыштың болуы туралы білмеді. Көптеген нұсқаларда біздің ата-бабаларымыз планетамыздың құрылуын, жұлдыздарды, күнді, бұлттарды және басқа ұғымдарды түсіндірді. Уақыт өте келе бұл оқиғалар жоққа шығарылып, адамдар шешімге қарай аздап қадамдар жасады. Түнгі аспанда бұл кішкентай шамдардың не екенін ешкім білген жоқ. Уақыт өте келе жауапқа деген ұмтылыс артып, зерттеушілер шешімге қарай ақырындап жылжи бастады. Телескоптың көмегімен ғалымдар аспан денелерін көріп, оларға ат қоя алды.

Ғарышқа алғашқы ұшу бүкіл қоғамның одан әрі дамуына орасан зор үлес қосқан ерекше оқиға болды. Бұл әрекет жан-жақты білім берді және көптеген теорияларды жоққа шығарды.Ғарышқа алғашқы ұшуды 1961 жылы Юрий Гагарин жүзеге асырды. Саяхат 12 сәуірде «Восток-1» ғарыш кемесінде өтті. Осы уақытқа дейін біздің планетамыздың шекараларын еңсеруге бірнеше әрекет болды, бірақ олар қайғылы аяқталды. Бұл ұшу Жер планетасының барлық тұрғындары үшін қатты соққы болды, сондықтан осы уақытқа дейін бұл мүмкін емес деп саналды.

4,4(68 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ