М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
плиз167
плиз167
27.11.2022 08:30 •  Қазақ тiлi

СОЧ 6 «Б» сынып оқушысы

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша ЖБ тапсырмалары

І. ОҚЫЛЫМ
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым

Шын

Жалған

А

Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.

В

Қалада халық көп, көшелері у да шу.

С

Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Бүгіннен (антоним) - [1]

Қолы ашық (синоним) - [1]

4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]

Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.

Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.

«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай?

[1]

ІІІ. ЖАЗЫЛЫМ

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.

Отан отбасынан басталады

Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

Таулар сыры

Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.

👇
Ответ:
alex2002fedorov
alex2002fedorov
27.11.2022

Объяснение:

1а 2есеп бугиннен кешеден , колы ашык - жомари 4есеп 1ауыл туби бирлик кауым туби тирлик 2ауыл каланын анасы анасын умытпайды баласы 3кала омиренде тынымсыз тирлик коп 5есеп ауыл адамдардын салты берик олар карапайым жомарт ашык кишипейил бауырмал мейиримди болады . кароче сонгысын тусинген жокпын

4,4(33 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Кларесия10
Кларесия10
27.11.2022
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 
4,5(55 оценок)
Ответ:
ДмитрийJ
ДмитрийJ
27.11.2022

Тақырып деген не?

Көне гр. thema («Тақырып»/тақырыптама) сөзі жаңа еуропа тілдерінде тема/тематика түрінде кеңінен қолданыс табуда. Өнертану мен әдебиеттануда аталған термин түрлі мағынада қолданылады, ең бастысы оның ілкі екі мәні. Біріншіден, тақырып деп көркем құрылымның, форма аспектілерінің, тірек амал-тәсілдердің ең маңызды компоненттері аталады.

Тақырып – бүкіл мәтіннің жаны. Тақырып – туындының ең керемет жетістігі. Әдеби немесе публицистикалық мәтіндерді оқымас бұрын, ең бірінші назар аударатын дүниеңіз – тақырып. Тақырып сізді өзіне тартып, жұтынып тұрса, міндетті түрде оқисыз. Өйткені тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті. Ал ол кілт сіздің қолыңызға түссе, мәтіннің құлпын ашуға талпынасыз. Кілт алтын бола тұра, құлпы алтын жалатылған не қарапайым темірден жасалған болса, құлыпты ашпай-ақ лақтыра саласыз.

Электрондық басылым беттерінің деңгей үшін, рейтинг үшін жұмыс істеуі «тақырып» сөзінің қадірін кетірді. Болмағанды болдыру, жоқ нәрсені бар қылу тақырыптың қызметі емес. Ол тек адамның назарын аударуға арналған тәсіл ғана. Ал тақырыптың жүгі сіз ойлағаннан әлдеқайда ауыр. Тақырыптың «тақырыпқа» сай болғаны авторға да, туындысына да жақсы. Атыңыз шықпай жатқан күннің өзінде, жер өртемеңіз. Бір қателік мың тағдырдың ойын да, түсінігін де өзгертеді. Жазу – ардың ісі, қоғам алдындағы зор жауапкершілікті ұмытпаңыз!

4,6(8 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ