М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
elezavetkavtoray
elezavetkavtoray
22.04.2021 00:00 •  Қазақ тiлi

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.(Выберите одно из трех заданий и выполните пьсьменное задание. Соблюдая орфографический режим, правильно соединяйте окончания, суффиксы, используя порядковые и собирательные числительные) Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.(Куда поведете?Почему? Опишите особенности городской жизни и места которые вы посетили)

Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.(Опишите одного члена вашей семьи)

Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.(Если бы наша страна располагалась только в горах, каковы были бы возможности и особенности?Напишите свое мнение.


Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жа

👇
Ответ:
vladpasin34
vladpasin34
22.04.2021

Менің атам.

Менің атамның есімі – Тұрсын, жасы жетпіс екіде, дегенмен әлі жас көрінеді, өз күші өзінде. Атам көп жылдар бойы Ішкі Істер Басқармасында абыройлы қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Атам барлық немерелерін кішкене күнінен еңбекке баулып, өзінің бар білгенін бізге үйретуде. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады.

Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын.  Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен атамның «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал атам болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Атамды ерекше қатты жақсы көремін! Болашақта сол кісінің жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандаймын.

4,8(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
tab3190717
tab3190717
22.04.2021

Менің туған күнім

Бүгін менің  туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуандым.

Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді  кидім.

Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем  маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.

Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.

4,8(18 оценок)
Ответ:
Менің туған күнім 16 қазан.Әлдеқашан болып та кеткен.Бірақ та,менің  қуанышым таусылар емес.Туған күн адам өміріндегі ең маңызды бөлігі,оны бүлдіршіннен бастап қарияға дейін тойлайды.Мен өз туған күнімді өмірімдегі бақытты кезеңім деп ойлаймын,себебі көп сыйлықтар береді мереке ұйымдастырады бұл күнді басқалармен қуанышымды бөлісемін.Өмірге жаңа келгендей бақытқа бөленемін,менің ойымша әрбір жан өз туған кунің зор қуанышпен тойлауы керек.Мен өз туған күніме көңілім толады және оны әр жыл сайын шаттықпен қарсы аламын!
4,5(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ