Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
RU
Кумыс - богат полезными элементами: белки, жиры, витамины С, А, D, PP, E, группы В. Интересно, что в процессе брожения молочный белок трансформируется в легкоперевариваемые вещества, в то время как молочный сахар в составе кумыса становится молочной кислотой, этиловым спиртом, углекислотой и целым рядом ароматических веществ
KZ
Қымыз - пайдалы элементтерге бай: ақуыздар, майлар, с, А, D, PP, E дәрумендері, В тобы ашыту процесінде сүт ақуызы оңай сіңірілетін заттарға айналады, ал қымыз құрамындағы сүт қанты сүт қышқылына, этил спиртіне, көмірқышқыл газына және бірқатар хош иісті заттарға айналады.