М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ilka1k
Ilka1k
07.12.2021 20:57 •  Қазақ тiлi

Қазіргі замандағы әлем кереметтері туралы тақырыпқа мәлімет іздестіріп, сұрақтар дайында. Сұрақтарды сыныптастарыңмен талқылап, дұрыс жауабын табыңдар​

👇
Ответ:
haskaa12
haskaa12
07.12.2021

Объяснение:

мне сұрактар.жазып алындар лайк басындар лучши ответ кылындар.


Қазіргі замандағы әлем кереметтері туралы тақырыпқа мәлімет іздестіріп, сұрақтар дайында. Сұрақтарды
4,5(16 оценок)
Ответ:
Даниэль1011
Даниэль1011
07.12.2021

Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған. 2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі анықталды.

1. Ұлы Қытай қорғаны

Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл Жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорған құрылысын жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қираған. Саяхатшылар арасында ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.

2. Колизей

Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам көрерменге жоспарланған Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастары мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылған. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Колизей жақсы сақталмағандықтан, түсірілімге жарамайды.

Рим қаласында болған саяхатшылардың барлығы Колизейге соқпай кетпейді. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей – Еуропада орналасқан жалғыз әлемнің жаңа кереметі.

3. Мачу-Пикчу

Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия құрлықтарында орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, тізімге Америка да қосылды. Оңтүстік Америкадағы асқар тау баурайында Мачу-Пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кеткен. Ал испан конкистадорлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады.

Америка ғалымдары ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған бұл қаланы 1911 жылы тапқан. Мачу-Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына дейін пойызбен, одан әрі автобуспен қатынайды.

4. Петра

Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр тарихи оқиға қала сәулет өнеріне өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал "Индиана Джонс и последний крестовый поход" киносы түсірілген.

5. Тадж-Махал

Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол – Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14-ші баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшы қабылдайды. Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе пойыз арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.

6. Христос мүсіні

Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000 адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христос мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7. Чичен-Ица

Мексикада орналасқан Юкатан түбегінде Чичен-Ица аталатын көне қала бар. Майя өркениетінің дамуы барысында бұл жер мәдени және саяси маңызды рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жерге қатысты барлық манускрипттерді жойып жіберген. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.

#ӘЛЕМ

#ЖЕТІ КЕРЕМЕТ

#ЖЕТІ

Объяснение:

брат подписай мне и лайк оценка

4,7(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
алоал
алоал
07.12.2021
Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді.Ақтабан шұбырындыдан бастап,ел басына қаншама қатер төнді,небәр сұрапыл оқиғалар да өтті.Ресейдің өгей баласындай отары да болдық.Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын бастан кешірді.Отан деген сөз - баршамыз үшін қастерлі де,қасиетті сөз.Оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері,ел,мемлекет болу белестері.Осы жолда курескен ата-бабаларымыздың ерліктері мен қаһармандық жолдары жатыр.Қазақ деген батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейеді,шалқайғанға шалқаяды.Шіріне қалса,асқар-асқар тауларына сүйенеді,еңкейе қалса, иен елін көреді,қаз-қатар тұра қалса,дауласа қалса.азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Бауыржандай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар,қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел.
Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаган арманы - тәуелсіздікке қол жеткізді.Халқымыздың даламыз қандай болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай. Жүрегінің байлығы – сәбидің тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы, бейбіт момындығы. «Отан – оттан да ыстық» деген рас екен-ау! Осы Отан үшін талай боздақтар қалмақтармен шайқаста, одан кейін революция кезінде, 1941-1945 жылғы неміс фашистерімен шайқаста құрбан болды. Сол батырдың ұрпақтары қарусыз екеніне қарамастан, 1986 жылдың желтоқсанында тағы да Отан үшін өздерін құрбан етті. 
Еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың ертеңі үшін намысты ұлдар мен қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты. Міне, сол рух бізді тәуелсіздікке алып келді. 
Қалмады жалын жастық басқа амалы. 
Шайқады империя тас қамалы, 
Қазақтың тәуелсіздік алған күні, 
Ызғарлы желтоқсаннан басталады. 
Сонымен еліміз тәуелсіздік алды. Ол – тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттың санасын оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Ол «Отан», «бостандық», «тәуелсіздік», «егемендік», «ұлтжандық» деген сияқты ұғымдарды тәуелсіздік биігінен қарауды түсіндірді. 
Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. Одақ – империя құлап, қолымызға тиді. Бұл ғасырларда бір ғана болатын мүмкіндік. 
Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық бейбітшілікті күтеміз. 
Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына сенемін. 
«Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. 
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. 
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. 
Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!
Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! 
Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. 
«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 
Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз. 
4,8(13 оценок)
Ответ:
jgjgjgjh
jgjgjgjh
07.12.2021

Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.

"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.

Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.

4,7(77 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ