мамандардың шетелге кетуінің бірден-бір себебі – еліміздегі әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бүгінде Қазақстанда жалпы жалақы мөлшері аз. Жыл сайын Үкімет әр сала маманының жалақысын көбейтіп жатырмыз дейді. Бірақ 5 жылдан бері айтарлықтай өзгерісті байқамадық. Ал азық-түлік бағасы қарыштап тұр. Мысалы, былтыр ғана еттің келісі 1 400 теңге болған, биыл 2 000 теңге. Бұл – инфляцияның көрінісі. Мұндай жағдайда жас әрі білікті мамандардың шетелге кетіп қалуы – орынды нәрсе. Егер осылай жалғаса берсе, Қазақстанда мамандар тапшылығы пайда болады. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде дәрігер жетіспейді. Ең қорқыныштысы – болашақта халықты кім емдейді, кім оқытады, кім дамытады? Кәсіби мамандар шетелге кетпеуі үшін мемлекет жоғарыда айтылған проблеманы шешуге тиіс. Сонымен қатар жеке кәсібін бастағысы келетін жастарға қолдау көрсеткен абзал. Жуырда “Сыбаға” атты бағдарлама туралы естідім. Бағдарлама жеке кәсіпкерге, фермерлікпен айналысамын деушілерге несие береді екен. Меніңше, осындай бағдарламалар бойынша берілетін несиенің процент мөлшерлемесін азайту қажет. 2020 жылы билік осы мәселелерді ескерсе екен деймін.
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.