Бүгінде елімізде пәтерді жалдау мен жалға беру - шешімін таппай келе жатқан мәселелердің қатарында. Бұған себеп - пәтерді жалға берушілер мен жалдаушылардың арасындағы қарым-қатынас механизмі бола тұра, жұрттың бұл қатынасты көбіне келісімшартсыз реттеуі. Көптеген тұрғындар әсіресе ірі қалаларға келгенде пәтерді жалға алудың заңды жүйесі мен тәртібін біле бермейді. Содан, келісімшартсыз-ақ пәтер жалдап тұрып жатқандардың қатары қалды.Бірақ пәтердің иесімен бір келісімге келіп жағдайды түсіндірсе болады
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз.