Біздің ұлттық киіміміз біздің ұлттық болмысымызды көрсетеді,киіміміздің негізгі түбірі ою-өрнектен құралған.Киімнің түсі де ерекше назарға алынады,ежелден бері ата бабаларымыз ұлттық ою өрнегімізді дәріптеу мақсатында ұлттық киімімізге түрлі өрнектер салып келеді.Ою өрнектердің көптеген түрлері бар.Мысалға,түйетабан,қошқармүйіз,көбелек,құсқанаты сынды көптеген әдемі киім үлгісін ашатын ою түрлері бар.Жалпы киімді,материалдық заттарды(үй жиһаздарын),әшекей бұйымдарды әрлеу ерте заманнан жалғасып келе жатқан дәстүр.Сонау қола дәуіріндегі адамдардың өзі бұғы,жылқы суреті салынған әшекей тағып,т.б.заттарын оның ішінде ыдыс аяқтарды ерекше әрлеген.Оны археологиялық қазба жұмыстары дәлелдейді.Сонымен бес саусағына бал тамған қазақ шеберлерінің киім әрлеу әдісі ерекше бағаланатын еңбек.Себебі матаға сән беріп қана қоймай,оны безендіру арқылы ұлттық менталитет пен салтымызды көрсететін киім құрастыру бағалы іс деп санаймын
Менің туған жерім Балқаш. Ол өте əдемі жəне кең. Ауылымда орман, тоғайлармен өріс бар. Орманда саңырауқұлатар мен неше түрлі жеміс жидектер өседі, түлкі мен əдемі маралдар мекендейді. Сонымен қатар егістікте бидай, сұлы тағыда басқа дақылдар егіледі. Ауылымызда Жабай деген көліміз бар, көл мөп- мөлдір, неше түрлі балықтар бар. Жазда көлге келіп демалатындар көп. Біздің ауылда мектеп, бала бақша, мəдениет үйі, кітапхана бар.Балқашта туризм жақсы дамыған, мында қыста қаладан өте көп адамдар шаңғы тебуге, сырғанауға жəй демалуға келеді. Мен өз туған ауылымды сүйем жəне де мақтан тұтам.