М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
алма15
алма15
04.01.2020 21:21 •  Қазақ тiлi

Мақал- мәтел дегеніміз не?​

👇
Ответ:
gulsaakamaeva
gulsaakamaeva
04.01.2020

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

4,6(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PSV23
PSV23
04.01.2020

«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ

Объяснение:

4,4(71 оценок)
Ответ:
polisorb2
polisorb2
04.01.2020

Спортпен айналысудың өте пайдалы екені жиі айтылып, жарнамаланып жатады. Мамандар спортпен айналысу үшін алдымен денсаулықты тексертіп алуға кеңес береді.

Себебі денсаулығыңызда ақау бар болса, спортпен абайлап айналысу керек. Оның үстіне жаттығу кезінде ағзадан белгілі бір мөлшерде токсин бөлінеді. Бұл токсиндер тері, бүйрек, бауыр арқылы сыртқа шығарылады. Егер күрделі жаттығулар жасап, адам ағзасына шамадан тыс күш түсірсе, онда зат айналу баяу жүріп, ақырында ауруға шалдығады.

Қандай спорт түрлері пайдалы?

Адам ағзасына айтарлықтай күш түсірмейтін әрі хобби болып есептелетін би, жүзу және таза ауада коньки, шаңғы, шана тебу, теннис, бадминтон, баскетбол, футбол, хоккеймен өте пайдалы. Бұл спорт түрлері адамдарды ұжымдаса отырып қимылдауға, ауызбіршілікке дағдыландырады.

Егер қоғамнан алшақ, оңаша болуды қаласаңыз, шахмат, дойбы, домино, тоғызқұмалақ ойындарын байқап көріңіз.

Жаттығудан кейін бірден тамақтанбаңыз. Аздап демалып, су ішіп, душ қабылдаңыз. Сұйық тамақтар ішіп, көкөністер мен жемістер жеуге дағдыланыңыз.

Егер спортпен айналысуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда бір мезгіл жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз.

4,8(49 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ