алдымен, оқшау сөздер деген не екенін айтып кетейік
оқшау сөз - сөйлемнің құрамында тұрса да , басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.
оқшау сөздің 3 түрі бар : қаратпа сөз , қыстырма сөз жəне одағай сөз.
Мысалы: Самат,ертең сынақ болады.Ұялма,балам,жоғары шық.Ендігі кезек сенде, қарағым.
бұл 3 сөйлем қаратпа сөздерден тұрады (Самат , балам, қарағым )
Қыстырма сөз : Меніңше , сенің айтқаның дұрыс. Бұларды , əрине жасау керек. Өзі осында келген шығар, сірə ?
Одағай сөз : Аз сабыр етсең қайтер еді , ə ?
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.