Составьте 5 вопросов по тексту Энергетикалық дағдарыс
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
Өзгелік етіс - Понудительный залогПонудительный залог образуется при суффиксов -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Этот залог отсутствует в русском языке. Он обозначает “заставить, понудить, попросить, позволить, совершить какое-либо действие или принять иную форму состояния” и образуется при суффиксов. Например: Біз оған өлең айт-қыздық. - Мы заставили его читать стихи. Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым. - Я попросила себе купить платье.
Ортақ етіс - Взаимный залогВзаимный залог - переводится как “совместно, одновременно с кем-то делать что-то” или “одновременно с кем-либо находиться в определенном состоянии”. Он образуется при суффиксов -с, -ыс, -іс. В русском языке подобный залог отсутствует, а взаимно-совместное значение выражается глаголами возвратно-среднего залога. Например: Мен досыммен құшақтастым. - Я обнялся с другом. Олар хат жазысты. - Они переписывались.